Басты Жаңалықтар Түркістан облысында ескі мектептердің орнына жаңасын салып жатыр

Түркістан облысында ескі мектептердің орнына жаңасын салып жатыр

Түркістан облысында ескірген мектептердің орнына жаңасын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан оқу орындарын реновациялау бағдарламасы аясында 115 мектепті жаңғырту жоспарланса, биыл 38 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен 13 білім беру нысаны салынып, бірқатары тапсырылуда. Мәселен Жетісай ауданының Қызылқұм елдімекенінде 574 орындық мектептің құрылысы  жүріп жатыр. Үш қабатты ғимарат келер жылы тапсырылады деп күтілуде. Заман талабына сай салынып жатқан білім ұясында оқушыға қажеттінің барлығы болады, - дейді құрылысшылар.

Ерсейіт Тобақабылов, Жетісай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:

Аталған ғимарат екі корпустан тұрады. 120 орындық акт залы бар. Жобалық сметалық құны 2,9 млрд теңгені құрайды. Алдағы уақытта қолданыстағы заң талаптарына сәйкес мемлекет сатып алып, пайдалануға беретін болады.

Бөлісу