Басты Жаңалықтар Data Center: Жобаға $10 млрд инвестиция тартылады

Data Center: Жобаға $10 млрд инвестиция тартылады

Қазақстанда жасанды интеллект саласын дамытуға арналған ірі жобалардың бірі – Екібастұздағы Data Center Valley кешеніне шамамен 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин құрылыс барысымен танысты. Жобаның алғашқы кезеңінде 215 мегаватт есептеу қуаты толықтай алдын ала резервтелген, ал келесі жылы бұл көрсеткішті 300 мегаватқа дейін арттыру көзделген. Болашақта кешеннің жалпы қуатын 1 гигаватқа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жоба NVIDIA және Firebird AI компанияларының қатысуымен жасанды интеллект модельдерін оқытуға және пайдалануға арналған жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымын құруды көздейді.

Бөлісу