Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
Ресейде жанармай тапшылығын болдырмау үшін сапасы төмен бензин өндіруге және сатуға уақытша рұқсат берілді. Үкіметтің шешімі бойынша, 2027 жылғы 1 шілдеге дейін Еуро-2, Еуро-3 және Еуро-4 төмен экологиялық санатындағы бензинді ел аумағында өндіруге, импорттауға және сатуға болады. Бұған дейін Ресейде мұндай отынға қойылатын талаптар қатаң еді. Бұл қадам ішкі нарықты жанармаймен тұрақты қамтуға бағытталған. Мәселенің ушығуына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына қатысты қиындықтар әсер етіп отыр. 2026 жылғы маусымда Ресейдегі мұнай өңдеу көлемі тәулігіне 3 миллион 800 мың баррельге дейін төмендеген. Еуро стандарттарының айырмашылығы ең алдымен отын құрамындағы зиянды заттардың мөлшеріне байланысты. Төмен санаттағы бензин құрамында күкірт мөлшері көп. Сонымен қатар, ауаға тарайтын зиянды заттар артады.
Игорь Юшков, РФ Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы:
Үкімет жанармай тапшылығының алдын алу үшін қажетті шаралардың басым бөлігін жазда қабылдап қойды. Оның ішінде отын сапасына қойылатын талаптарды төмендетумен қатар, алыс шетелдерден жанармай импорттауға мүмкіндік беру де бар. Сондай-ақ жақын шетелдерден, ең алдымен, Беларусь мұнай өңдеу зауыттарынан отын жеткізу жолға қойылды. Үндістаннан да бензин тиелген танкер келді. Алайда мұнай өңдеу зауыттары тағы зақымданса, жанармай тапшылығы қайта туындауы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы