Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Ақмола облысының Атбасар қаласында жылу инфрақұрылымы толық жаңартылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық қазынадан 8 жарым миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді. Жалпы облыс бойынша биыл 13 елдімекенде 39 жылу қазандығы жаңасына ауыстырылды. Сондай-ақ 60 шақырымдық жылу желілері күрделі жөндеуден өтті. Атбасар қаласында бүгінде 16 жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. Бұл шаһар үшін экономикалық, әрі экологиялық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан орталық жылу қазандығының қуатын арттыру арқылы тозығы жеткен ұсақ жылу қазандықтарының жұмысы тоқтатылады. Модернизация қазандықты ауыстырумен шектелмейді. 5 шақырымға жуық жылу желілері де жаңартылады.
Ринат Нуреев, Орталық жылу қазандығының басшысы:
Бүгінде орталық жылу қазандығы 70 пайызға жаңартылды деуге болады. Бұл екі жылдық жоба. Әлі толық аяқталған жоқ.Сондықтан биылғы жылыту маусымына бұрынғы режимде кірісіп отырмыз. Келесі жылы орталық жылу қазандығының екі есе қуатпен іске қосылса, абоненттер саны артады деп жоспарлап отырмыз. Әрі жұмыстың барлығы автоматты режимге ауыстырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы