Басты Жаңалықтар Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті

Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті

Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырған. Фестивальдің алғашқы күні көпшілікке әнші Әміре Қашаубаевтың шығармашылығына арналған «Әміре» фильмі ұсынылды. Сондай ақ, Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» туындысы мен жеке таңдау, жауапкершілік құндылықтарын дәріптейтін «Қайтадан» атты заманауи драма көрсетілді. Үш күндік бағдарлама аясында мажарлар Қазақстан тарихының түрлі кезеңін, мәдениеті мен дәстүрін, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін қамтитын үш фильмді тамашалады.

Золтан Бузади, экономист, саясаттанушы:

Фильмдер өте қызық және жақсы түсірілген. Әр туындының адамзатқа ой салатын керемет мағынасы бар. Басты идея- әркім өз өмірін жақсартудың өз жолын табуы керек. Будапештке осындай қазақтың тамаша фильмдерін көбірек әкелсеңіздер екен. 

Бөлісу