«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
Республика күні мерекесі қарсаңында Анкарада «Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды. 400 беттік ғылыми еңбек қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Кітапта көне қолжазбаларға сүйене отырып, Құрылтай атауының тарихы мен түркі халықтарының ел басқару жүйесіндегі орны сараланған. Жаңа кітапта қазақ мемлекеттілігінің тамыры мен ел басқару дәстүрінің сабақтастығы да кеңінен зерттелген. Ал еңбектің түрік тілінде жариялануына Түркиядағы Әділет және даму партиясының түркі елдерімен байланыс жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Жиынға бауырлас мемлекеттермен қатар, бірқатар елдерінің өкілетті елшілері, түрік ғалымдары мен Анкарадағы отандастарымыз қатысты.
Омархан Өксікбаев, «Құрылтай Феномені» кітабының авторы, қоғам қайраткері:
Қазақ елінің, біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының осы құрылтайды бірінші өзіңіз білесіздер, 2022 жылы Құрылтай кеңесін құрып, ақыры соны дамыта отырып, қазір Парламентіміздің аты Құрылтай болып отырғаны бұл біздің кешегі Құрылтайдың мән-мағынасы зор қылып, оны тірілтіп және осы Түрік еліне осы Құрылтайды жаңа бір деңгейде көрсете білу біздің кітабымызда өзіндік суретін тапты.
Күршад Зорлу, Түркияның «Әділет және даму» партиясы төрағасының орынбасары:
Құрылтай – көне түркі тарихының, біздің басқару дәстүріміздің ажырамас бөлігі. Парламент ұғымы мен атауы Батыстан келген деп айтылғанымен, мыңдаған жыл бұрын бүгінгі парламенттік дәстүрдің негізін бірге қалағанымызды, мұны тарихқа таңбалап қалдырғанымызды Құрылтай ұғымының өзі көрсетеді. Осындай тарихи дәстүр ғасырлар өткен соң бауырлас Қазақстанда парламенттің атауын Құрылтай деп өзгерту арқылы тарихқа жаңа бір белгі қалдырып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы