Сауда-саттық былтыр $8,8 миллиардқа жетті
Бүгін Алматыда Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына мүше Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан, Қытай сияқты 10 елдің өкілі бас қосты.
Олар екінші рет өтіп жатқан Тянь-Шань форумында сауда айналымын арттыру, көлік-логистикалық байланысын нығайту және инвестиция тарту мәселелерін талқылады.Бүгінде Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында тауар экспорты бойынша көш басында. Мәселен еліміздің бағдарламаға мүше мемлекеттермен өзара тауар айналымы былтыр 8,8 миллиард долларға жетіп, 14,4 пайызға өсті. 11 жылдан бері бас-аяғы бағдарламаға мүше Орта Азия елдерінен Қазақстанға 30 миллиард доллардан астам инвестиция құйылған. Біз де жақын көрші елдерге 4 миллиард доллар көлемінде қаржылай қолдау білдірдік. Бүгінде өңір елдерімен бірлескен 2,5 мыңнан астам компания Қазақстанда жұмыс істейді. Ендігі міндет – ортақ инфрақұрылымды әрі қарай дамытып, сауда кедергілерін мейлінше азайту.
Ержан Несіпқұлов, Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры:
Жақында біз «Азия инфрақұрылымдық инвестициялар» банкімен өзара ынтымақтастық туралы шеңберлік келісімді ратификациялаған болатынбыз. Мысалы, осы келісім шеңберінде біз ірі жолдарды соғуға солараға жеңілдетілген және ұзақ мерзімді қаржыны тартуға мүмкіндік береді. Олардың ішінде Жезқазған-Қызылорда, Қызылжар-Мойынты, Атырау-Доссор секілді автокөлік жолдары мен теңіз жолдарын құруға мүмкіндік береді деп санаймын.
Осылайша Қазақстан халықаралық дәліздердің өткізу қабілетін арттырып, теміржол мен автожол инфрақұрылымын жаңғыртып келеді. Бұл ретте Қызылорда-Жезқазған автожолының құрылысының 80 пайызы аяқталды. Ал Дарбаза-Мақтаарал теміржолына 320 миллион доллар, Бейнеу-Сексеуіл және Қызылорда-Сексеуіл бағыттарына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция тарту жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы