Астанаға Хайнаньнан келетін рейс 27 сағатқа кешікті
Саньядан Астанаға
ұшатын рейс 27 сағатқа кешікті. Қытайдың Хайнань аралындағы елге оралуы тиіс
150-ден астам қазақстандық әуежайда бір тәуліктен астам уақыт күтуге мәжбүр
болды. Жолаушылардың арасында 30-ға жуық егде жастағы әйел мен 20 бала бар. Көпшілік
кешігу себебіне қатысты нақты ақпарат ала алмағандарын айтып, наразылық
білдірді. Ал Air Astana компаниясының мәліметінше, 4 қарашаға жоспарланған
KC584 рейсі ұшақтың жасыл гидравликалық жүйесіндегі қысымның төмендеуіне
байланысты кейінге шегерілген. Ақауы бар бөлшек ауыстырылып, жолаушыларға қонақүй,
тамақ және трансфер ұсынылған. Олар бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:07-де
Саньядан ұшып шықты. Елордаға 14:45-те жетуі тиіс.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04