Үшжақты келіссөз бүгін де жалғасады
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің соғысты тоқтатуға бағытталған үшжақты келіссөзінің алғашқы күні аяқталды. Кездесу бүгін де жалғасады. 10 қарашада өткен келіссөз шамамен 4,5 сағатқа созылып, 40 минуттық үзіліс жасалған. Тараптар әзірге талқылау барысы мен нақты нәтижелері туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен кейбір мәліметтерге сай, алғашқы күннің қорытындысында тараптар жақын арада тұтқын алмасу туралы уағдаласқан. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Әбу-Дабидегі кездесуді «өте нәтижелі» деп бағалады. Ол Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған талқылауларға Еуропа елдерінің өкілдерін де қатыстыру қажет деді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:00
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32