Жүк тасымалдаушылар 58 елдің нарығына шыға алатын болды
Қазақстандық жүк тасымалдаушылар енді 58 елдің нарығына шығуға мүмкіндік алады. Құрылтай халықаралық жүк тасымалы туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжатқа сәйкес Қазақстан жүк тасымалының бірыңғай ережелері қолданылатын 58 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл тасымалдаушылардың жауапкершілігін нақтылап, халықаралық жүк жеткізуді жеңілдетеді және қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар отандық тасымалдаушыларға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Жаңа бастама экспорт пен импортты дамытуға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30