Stadler вагондары жолға шықты
Бүгін Астанадан Алматыға алғаш рет Stadler вагондарынан құрылған пойыз жолға шықты. Швейцария технологиясымен жасалған вагондар, еліміздің климаттық жағдайларына бейімделген. 40 жыл кепілдігі тағы бар. Әр пойыз 10 вагоннан тұрады. Купесі 40, плацкарты 58 жолаушыға шақталған. Сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді. Жолаушылардың айтуынша, вагон заманауи әрі жайлы. Санитарлық тораптары сенсорлық жүйемен жабдықталған. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары да жұмыс істеп тұр. Министрлік өкілдері жыл соңына дейін Астана-Атырау, Астана-Қызылорда бағытында Stadler вагондарымен жасақталған пойыздар қатынай бастайтынын жеткізді. Сондай-ақ 2030 жылға дейін теміржол паркі 90 пайызға дейін жаңаратынын айтты. Яғни алдағы 4 жылда елімізде жолаушыларды Stadler вагондары тасымалдайтын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы