Басты Жаңалықтар Қазақстан интернет тарифтері арзан топ-10 елдің қатарына енді

Қазақстан интернет тарифтері арзан топ-10 елдің қатарына енді

Қазақстан мобильді интернет тарифтері арзан елдердің ТОП ондығына еніп, бірқатар дамыған мемлекетті басып озды. Бұл туралы «Finprom.kz» сараптама орталығы хабарлады. Халықаралық талдау нәтижесі көрсеткендей, елімізде 1 гигабайт интернеттің орташа бағасы – небәрі 0,3 доллар шамасында. Бұл жаһандық орташа көрсеткіштен төрт есе төмен.

Мамандар байланысы жақсы 55 елді салыстырып көрген. Нәтижесінде Қазақстан интернеттің арзандығы жағынан жетінші орынға тұрақтады. Мысалы, мобильді байланыс жылдамдығы бізден төмен Канадада интернет бағасы шамамен 5,5 есе, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда  бес, Кувейтте жеті есе қымбат. Сонымен қатар елімізде интернет жылдамдығы бойынша үздік 55 елдің қатарына еніп отыр, орта есеппен секундтына 93 Мегабит-ке жетеді. Тиісінше, халықтың да интернетті тұтынуы жыл сайын артып келеді. Мәселен, соңғы алты жылда бұл көрсеткіш 2 есеге өскен. Қазір халық мемлекеттік қызметтерді алу, онлайн-сауда жасау, оқу мен жұмыс үшін мобильді интернетті күнделікті өмірде кеңінен қолданады.

Бөлісу