Басты Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы

Соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 24 пайызға өсті. 

Өсімдік шаруашылығында өнім көлемі екі, ал мал шаруашылығында 1,7 есе артты. Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларында салада жалпы өнім көлемі 4,4 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 жарым пайызға жоғары.  Егін шаруашылығында айтарлықтай нәтиже бар. Мал шаруашылығында да тұрақты даму байқалады. Ет өндірісі 1,2 миллион тоннаға, сүт өндірісі 2,7 миллион тоннаға жетті. Ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе және құс шаруашылығы дамып келеді. Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Саладағы жетістіктерге мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу ықпал етіп отыр.  Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытында өсім байқалады.

Талғат Наурызбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Майлы дақылдар  өндірісін 1,8  есе арттырып отырмыз. 700-600 мың тонна өнім алатын болсақ, қазіргі таңда 1  млн 300 мың тоннаға дейін алып отырмыз. Бұл әртараптандырудың арқасында, біздің ауыл шаруашылығы қожалықтарының арқасында.

Бөлісу