Ақтөбе облысының есепшілері ₸82 млн жымқырған
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 82 млн теңгеден аса мемлекет қаржысын жымқырған үш тұрғын сотталды. Олар мектепте есепші болып қызмет атқарған.
Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейдің бас есепшісі басқа әріптестерімен бірге директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, қызметкерлерге жалақыны асыра есептеп келген. Мұғалімдер артық қаражатты қолма-қол ақшаға ауыстырып, бухгалтерге әкеліп беріп отырған. Олар бұл әрекеттерін үш жыл бойы жүзеге асырғаны анықталды. Аудандық сот үкімімен бас есепші 8, қалған екеуі жеті жылдан жаза арқалады. Дегенмен кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты сот жазаны өтеуді кейінге қалдырды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04