Димаштың әлемдік турнесі жалғасуда
Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің турнесі жалғасып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде Қазақтың көк туы желбіреп, қазақ әндері шырқалады. Әншінің гастрольдік сапары Еуропа мен Латын Америкасында жалғасып келеді. Соңғы айда өнер иесі бірнеше елде концерт беріп, мыңдаған көрерменнің ықыласына бөленді. Әсіресе Мексикадағы Гвадалахара қаласында өткен концерт ерекше есте қалды. Аншлагпен өткен кештің финалында Димаш жанкүйерлері сыйлаған дәстүрлі мексикалық пончоны киіп, «Жаңа күн» әнін орындады. Осы сәтте жергілікті көрермендер қазақ тілінде әнге қосылып, өнерпазға құрмет көрсетті. Сондай-ақ Колумбияда өткен кешінде колумбиялықтар Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін шырқады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04