Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
Қазақстандықтардың басым бөлігі еліміздің даму жолына оң баға береді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 93 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді, - деп есептейді. Әсіресе жастар арасында бұл көрсеткіш жоғары. Сауалнамаға қатысқан 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың 95,1 пайызы осындай пікір білдірген. Сондай-ақ респонденттердің көбі елдегі бірлікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды жоғары бағалаған. Зерттеу 5 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен 8 мыңнан астам адам қатысқан.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04