Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет
Әлеуметтік саланы қолдау, ауруханалар мен мектептер санын арттыру – өзекті мәселе. Ауыл тұрғындары да қаладағыдай сапалы медициналық көмек алып, заманауи білімге қол жеткізуі үшін әлеуметтік нысандар құрылысын жандандыру қажет. Алматылықтар осындай пікірде. Сондай-ақ тұрғындар Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, дәрігерлердің жалақысын көтеріп, мұғалімдердің қағазбастылығын азайту маңызды екенін айтады.
Сауалнама:
- Жолдаудың өзінде де ауылшаруашылығын қолдау бойынша бір бөлімінде айтып өтті. Ауылдық жерлерде амбулатория, мектеп, клуб оның бәрі салынатын болса, халықтың санасына, демалысына+ қолжетімді болатын болса бәріне бірдей халқымыздың дамуына жақсы болады деп ойлаймын.
- Негізі мен мұғалім болып жұмыс істегем ағылшын тілі пәнінен. Сол кезде иәбіз көбінесе қағазбен жұмыс істедік. Сенің сабақ бергенге мүмкіндігің аз болатын. Қазіргі жолдауда айтылған нәрсе, егер азайтамыз осы жұмыстарды, мұғалімдердің біліктілігін арттырамыз тек қана жұмыс істеуге жағдай жасаймыз десе бұл әрине жақсы. Өте жақсы деп ойлаймын.
- Халқымыздың дені сау болуы үшін дәрігерлердің еңбегі зор. Сол үшін де дәрігерлерімізді қадірлеп, оларды айлықтарын көтеріп, Мемлекет жағдайын жасаған дұрыс деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы