Басты Жаңалықтар Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды

Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды

Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері ерекше ықыласпен  қарсы алды. Ұшақ қонғаннан кейін әуе кемесінің ұшқышы қазақстандық өнерпаз бен оның командасына арнайы құттықтау сөзін арнады. Ал, әуежайда Dears фан-клубының мүшелері қазақстандық әншіге жылы ықыласын білдірді. Айта кетейік, Сантьягода өтетін әншінің концертіне билеттер алдын ала толық сатылып кеткен. Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің  турнесі жалғасып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде Қазақтың көк туы желбіреп, қазақ әндері шырқалуда. Әнші Димаш гастрольдік сапарымен Еуропа мен Латын Америкалықтарды қуантуда.

Бөлісу