ҚР Прокуратурасына – 35 жыл
«Жаңа Халық Конституциясы аясында заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету». Семейде осындай атпен Прокуратураның 35 жылдығы аясындағы өңірлік форум өтті. Жиынға сала қызметкерлері мен өңір басшылары қатысты. Форум аясында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласы прокуратурасының жұмысымен танысты. Жиынға қатысушылар құқықтық жүйені жетілдіру, қоғамдағы заңдылықты нығайту және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру мәселесін талқылады.
Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Президентіміздің бастамасымен жаңа бекітілген Конституцияда білім, ғылым, инновация және адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды. Бұл өзгерістер прокуратура органдырының жұмысына да тікелей қатысты. 35 жыл ішінде заңнама да, қоғам да, экономика да өзгерді. Прокуратура да осы өзгерістермен бірге дамып келеді.
Жаңа конституция мемлекеттік органдар қызметіне де тың міндеттер жүктейді. Әсіресе заңдылықты сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жүйелі жүргізу маңызды. Бұл ретте прокуратура органдарының жауапкершілігі арта түспек. Форумда сала қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, Конституциялық өзгерістердің мәні мен олардың күнделікті қызметтегі маңызын талқылады. Жиын соңында бірқатар сала мамандарына «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және облыс прокуроры, Нұрсұлтан Рақышевтың алғыс хаттары табыс етілді.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Жаңа Конституциядағы басты жаңашылдықтардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатының бекітілуі. Біздің басты міндетіміз - осы конституциялық қағидаттарды күнделікті қызметімізде басшылыққа алып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы