Мәслихат депутаттарын сайлау – саяси жаңарудың маңызды кезеңі
Соңғы 23 жылда алғаш рет жергілікті мәслихаттар сайлауы парламенттік сайлаудан бөлек, дербес саяси науқан ретінде өткізіледі. Бұл тұрғындардың мәселесімен жіті танысып, өз өңірінің дамуына тікелей араласуына жол ашады.
Ақтөбеге жиналған сарапшылар «Конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілді билік: жаңа міндеттер мен даму перспективалары» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Жиында конституциялық реформалардың жергілікті мемлекеттік басқаруға ықпалы мен мәслихаттардың өкілеттіктерін нығайту жолдары талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, мәслихатттардың міндеті күшеймесе, кемімейді. Халық қалаулыларының басты міндетінің бірі - жергілікті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды одан әрі күшейту.
Айнұр Жанғалиева, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің доценті:
Олардың жауапкершілігі тек халық пен билік арасындағы айтылған уәжді жұмсартып жеткізу немесе сол қалпында қалдырып қою емес. Олардың орындалуына да және есеп беруімен әрі қарай жалғасын тапса деген ой бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы