Басты Жаңалықтар Мәслихаттардың міндеті мен жауапкершілігі артады

Мәслихаттардың міндеті мен жауапкершілігі артады

Енді мәслихат депутаттары тұрғындардың талап-тілегін жеткізумен ғана шектелмеуі керек. Олар жергілікті жердегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалауы тиіс. Сонымен қатар Президент бастамасымен қолға алынған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтерген нысандардың сапасына да бақылау жасауы қажет. «Әділет» партиясының талқы алаңында өткен жиында сарапшылар осылай деді. Олардың айтуынша, жаңа билік жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі айтарлықтай артқан. Мәселен, 2019 жылдан бері мәслихаттарға берілген міндеттер саны 18-ден 31-ге дейін көбейген. Ал алдағы жексенбідегі саяси науқан - жаңа Конституция бойынша өтетін алғашқы мәслихат сайлауы. Еліміздің барлық өңіріндегі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға жаңа депутаттар сайланады. Оған 7 саяси партия қатысады.

Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты:

Соңғы бір-екі жылдың ішінде үлкен өзгеріс - қазіргі мәслихат депутаттарының мүмкіндіктері, олардың заңды пәрменді  күші артып келе жатыр.   Ең бастысы - атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істей отыра, мәселені шешуге, бағыттауға, ақшаны үнемдеуге басы-қасында жергілікті халық өзі сайлаған өкілдер отыруы керек.

Бөлісу