Басты Жаңалықтар 700-ден аса медұйым ЖИ қолданып жүр

700-ден аса медұйым ЖИ қолданып жүр

Жасанды интеллект инсульт пен қатерлі ісік белгілерін ерте анықтауға қолданылып жүр. Қазір 700-ден астам медициналық ұйым осындай технологияларды пайдаланып отыр. Айталық, CerebraAI жүйесі компьютерлік томография суреттерін талдап, инсульт белгілерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл технология 17 инсульт орталығында енгізілген. Былтырдан бері инсультке күдік болған 23,5 мыңнан астам пациенттің тексеру нәтижесін талдаған. Ал, Alima цифрлық көмекшісін, 4 мыңнан астам медицина маманы пайдаланып жүр. Оның көмегімен пациентті қабылдау кезінде құжат рәсімдеуге кететін уақыт төрт есе қысқарған. Бұған қоса, жасанды интеллект сүт безі мен өкпе обырын анықтауда, стоматологиялық диагностикада  қолданыста.

Бөлісу