Олимпиада күнделігі (ВИДЕО)
2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде тіркелген Алматы қаласының мүмкіндігі туралы Сочидегі олимпиадалық медиа-орталықта айтылды. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев пен еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитеті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.
Жиынға қатысқан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматы қаласында Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуді қазақстандықтар қолдап отырғанын айтты. Ал Тастанбек Есентаев бұл ойындар үшін аз қаражат жұмсалып, қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейтінін жеткізді.
Азия Ойындары үшін салынған спорт нысандарында жарысты өткізуге болады. 2017 жылы өтетін Универсиада үшін екі спорт кешенін тұрғызу жоспарланған. Ал Олимпиада ойындарын өткізетін жағдайда тағы екі спорт кешені салынбақ. Шығын Сочи Олимпиадасымен салыстырғанда екі есе аз жұмсалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20