Олимпиада күнделігі
Сочи Олимпиадасында фристайл бәсекесінің ски-кросс түрінде канадалық спортшылар үздік шықты. Әйелдер арасындағы жарысқа 28 спортшы қатысқан. Бірінші және екінші орынды Канада спортшылары Мариэль Томпсон мен Келси Серва бөлісті. Үздік үштікке швециялық Анна Холмлунд ілінді.
Биатлоншы қыздардың бәсекесі де мәресіне жетті. Соңғы эстафеталық жарыста украиналық биатлоншылар үздік нәтиже көрсетті. Апалы-сіңілі Вита және Валентина Семеренко, Юлия Джима және Елена Пидгрушная Олимпиада чемпионы атанды. Ресей құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орында – Норвегия. Қазақстандық биатлоншылар жеңімпаздан 6 минуттан астам уақыт қалып қойып, 12-ші орыннан көрінді.
Әйелдер арасындағы керлингте Канада құрамасы Олимпиада «алтынын» жеңіп алды. Финалда канадалық спортшылар Швеция құрамасынан басым түсті. Төрт жыл бұрын Ванкувердегі шешуші ойында екі қарсылас кездесіп, скандинавтықтар жеңіске жеткен еді. Қола жүлде Ұлыбритания құрамасының еншісінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20