Олимпиада күнделігі
Сочи Олимпиадасында қыздар арасындағы параллелді слалом бәсекесінде жеңімпаздар белгілі болды. Финалға австриялық Юлия Дуймовиц пен германиялық Анке Карстенс жолдама алған. Ақтық сында австриялық спортшы қарсыласынан 0,12 секунд ерте келіп, Олимпиада «алтынын» алды. Ал қола жүлдегерді анықтайтын кіші финалда германиялық Анели Кобер мен италиялық Корина Бакачини бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде италиялық спортшы 0,13 секунд кеш келіп, қола медальдан құр қалды.
Ал ерлер бәсекесінде ресейлік Вик Уайлд пен словениялық Жан Кошер сынға түсті. 0,11 секундқа басым болған Уайлд Ресей үшін кезекті «алтынды» алды. Ал қола жүлде австриялық Бенжамин Карлдың еншісінде.
«Лаура» шаңғы-биатлон спорт кешенінде шаңғымен жүгіруден қыздар арасындағы бәсекенің соңғы жарысы өтті. 30 шақырымдық еркін әдістегі масс-стартқа Қазақстаннан екі спортшы қатысты. Елена Коломина мен Татьяна Осипова үздіктер қатарынан көріне алмады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20