Футболдан жастар құрамасы Исландиямен кездеседі
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы ертең, 5 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Исландия құрамасын қабылдайды.
Қос команда арасындағы алғашқы ойында исландиялықтар өз алаңында 2:0 есебімен басым түскен болатын. Енді есе қайтаратын сәт туды. 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бір ойында тең түскен Исландия жастар құрамасында 12 ұпай бар.
Ал, қазақстандық футболшылар 6 ойынның төртеуінде жеңіліп, екі матчта ғана жеңіске жеткен. Жас спортшыларымыз алдағы ойынға тас-түйін дайын. Қазір жарыс алдындағы жаттығу жұмыстарын өткізуде. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен ертең сағат 19:00-де тамашалай аласыздар.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20