Каратэ-додан ел чемпионаты аяқталды
Каратэ-до спортынан ел чемпионатының жеңімпаздары Шымкент татамиінде анықталды. Жарыс қыркүйек айының 19-шы жұлдызында Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына іріктеудің бір кезеңі саналады. Сондықтан, қатысушылар арасында аянып қалғаны болған жоқ.
Екі күнге созылған сайыста 140 спортшы кумитэ және ката бағдарламалары бойынша сынға түсті.
Ал жалпыкомандалық есепте маңғыстаулықтар бірінші болса, жергілікті команда күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті Жамбыл облысының каратэшілері түйіндеді.
Спарринг жекпе-жегінде ерлер 6 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасып, мамандардың болжауы бойынша Марат Жаңбыр, Медеу Райымқұлов, Халид Халидов, Игорь Чихмарев, Андрей Ақтауов, Ермек Айназаров, Ринат Сағандықов және Дархан Асадилов өз мықтылықтарын байқата білді.
Ринат Сағандықов, каратэ-додан ҚР чемпионатының жеңімпазы:
Бұл жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болғандықтан, Қазақстан чемпионатына жан-жақты дайындалдым. Қарсыласым жақсы таныс. Сондықтан, оның қателігін пайдаланып жеңіске жеттім. Енді өзге де жауапты сындарға дайындалатын боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07