Өскеменде спорт кешені пайдалануға берілді
Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың атындағы жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. Орталықта жеңіл атлетика спортымен қысы-жазы айналысуға барлық жағдай жасалынған.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында салауатты өмір салтын ұстанған адамдардың саны 350 мыңға жеткен. Соңғы бес жылдың ішінде 150 спорт кешені халық игілігіне берілді.
Жаңа спорт кешенде Ғұсман Қосановты еске алуға арналған ашық турнир өтті. Нысанның ашылуына қатысқан Ольга Рыпакова жылдың басты сыны - Азия ойындарына дайындалып жатқандығын айтты.
Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:
Дайындықты бастап кеттік. Қазір бәлкім екі қашықтықта сынға түсермін. Оны тек уақыт көрсетеді. Ең бастысы жақсы нәтиже көрсетіп жеңіс тұғырыннан көрінуі. Сол үшін бүгіннен бастап тер төгіп жатырмыз. Бұндай кешен ашылғанына қатты ризамын. Енді шетелге бармай ақ дайындықты өз жерімізде пысықтай беруге болады.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07