Каратэ-додан халықаралық турнир аяқталды
Астанада каратэ-до WKF нұсқасы бойынша 4-ші халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Екі күн бойы елордалық татамиде 250 спортшы күш сынасты. Жасөспірімдер арасында 68 келі салмақ дәрежесінде алтын медальды қызылордалық жас өрен Мансұр Қали қанжығасына байласа, екінші орын ақтөбелік спортшы Әлихан Қазеновтің еншісінде. Ал Ақылбек Қожаберген үшінші орынды місе тұтты. 55 келіде Руслан Жақыпбековке тең келер ешкім табылмады. Осы салмақта Ислам Сатыбалдиев пен Абдусохиб Солижанов жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Руслан Жақыпбеков, Халықаралық турнирдің жеңімпазы:
Бұл жарыста мен екі бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, тәжірибиемнің арқасында жеңіске жеттім. Өйткені, әр қарсыласқа әр түрлі айла-тәсілді қолданып қана ұтуға болады. Бапкерлердің сенімін ақтағаныма өте қуаныштымын. Енді Байқонырда өтетін сайысқа жан-жақты дайындалатын боламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07