Көкпардан халықаралық турнир аяқталды
Жаппай көкпардан Алпамыс батыр құрметіне арналған халықаралық турнир мәреге жетті. Жарыста 4 мемлекеттің Өзбекстан, Қырғыз елі, Тәжікстан, Қазақстан спортшылары 60 келі тартатын серкені тақымға басып, нағыз мықтыны анықтады.
Мыңнан аса шабандоз қатысқан сайыста Жұлдызхан Тайырбековтың өнері өзгелерден жоғары бағаланды. 30 минуттың ішінде екі мәрте қанжығасы майланды. «Әулиеата» көкпар командасының шабандозы Бағлан Шырынбаев та озық шықты.
Ал, Нұрдаулет Момынов халықаралық жарыста намысты қолдан бермеді. Өзбекстандық шабандоздың тақымындағы серкені жұлып алып, нағыз қазақ батырына тән қасиетті көрсетті. «Ракета» атты жирен тұлпарын тақымдаған, Жамбылдың жампозы мәреге бірінші болып келді.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07