«Көкжайлау» жобасы туризмнің дамуына серпін бермек
Іле Алатауы баурайындағы «Көкжайлау» тау-шаңғы шипажайының құрылысы ел экономикасы мен туризмнің дамуына сүбелі үлес қосады. Алматыда бас қосқан қоғамдық кеңес мүшелері мен қала әкімдігінің өкілдері осылай деді.
Қазір курорттық аймаққа қатысты жобалық құжаттар реттеліп, инвесторларды тарту шаралары қызу жүріп жатыр. Бастапқыда «Көкжайлау» шипажайының сызбасы «Грандвалира» тау-шаңғы курортына ұқсас жасалады деп шешілген.
Алайда, мамандар отандық курорттық орталықта қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін құндылықтар болғаны жөн екенін қадап айтты. Соған сәйкес, жоба жетекшілері, жиын шеңберінде экологтарға шипажайдың электронды нұсқасын таныстырды.
Тау басында орналасатын курортты ауылдарда қонақүй, мейрамхана мен 63 шақырым тау шаңғы трассасы төселіп, 16 аспалы жол тартылады. Шаңғымен, сноубордпен сырғанауға үйрететін мектептер мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Курорт күніне 10 мыңнан астам шаңғышыны қабылдайды деп жоспарлануда.
Бақытжан Жоламанов, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы:
Мамыр айының соңында сараптамаға өткіземіз. Қыркүйекте дайын болмақ. 450 миллион Үкіметтің ақшасы, 2 миллиард долларға жуық инвесторлардың ақшасы керек болады.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07