Жамбыл облысында көкпардан халықаралық турнир өтуде
Жамбыл облысында Қазақстанның спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған Халықаралық турнир жалауын желбіретті. Еліміздің 7 облысының шабандоздарынан бөлек, бұл бәсекеде Қырғыз Республикасының «Ойқайын» командасы да өнер көрсетуде.
Әзірге жергілікті «Әулиеата» көкпар командасы мен Шымкенттің «Құлагер» көкпаршылары көш басында келеді. Қос бірдей команданың шабандоздары жарысқа жақсы дайындықпен келгендерін бірден байқатты.
Жамбылдық жігіттер Маңғыстау шабандоздарынан 14:2 еебімен басым түсті. Бұл кездесуде Ерлан Жұмасаевтың жұлдызы жанды. «Арманқара» атты таза қанды арғымақты тақымдаған шабандоз 4 мәрте салым салды.
Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының шабандоздары Батыс Қазақстан құрамасымен кездесті. Тартысқа толы бәсекеде, Шымкенттің шабандоздары атой салды. Қарсыластарын 9:0 есебімен қапыда қалдырды.
Нұрдәулет Момынов, «Әулиеата» көкпар командасының капитаны:
Бірінші жылы облыс көлемінде, екінші жылы республика көлемінде өткіздік. Міне, енді халықаралық деңгейде ұйымдастырып отырмыз. Бұл жарыста спорт шебері атағы берілсе, көптеген командалар қатысады.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07