WBC президенті Альваресті Головкинмен жекпе-жекке шығуға мәжбүрлемек

WBC президенті Маурисио Сулейман «Канело» Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартса чемпиондық белдіктен айырылатындығын айтты. Бұл туралы boxingscene.com сайты жазды.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президентіне Альварестің кейбір пікірлері ұнамаған көрінеді. Яғни, боксшының Головкинмен жекпе жектен қашқақтауы WBC басшысын қатаң мәлімдеме жасауға итермелесе керек.
Маурисио Сулейман: «Егер «Канело» Ханды жеңсе әрі Головкиннің алдындағы өз міндетін орындамаса біздің оны чемпиондық атақтан айырудан басқа амалымыз қалмайды. Бұл мәселе ережеде қарастырылған, сол себепті қалыптасқан тәртіпке сәйкес әрекет жасаймыз»,-деп атап өткен.
Естеріңізге салар болсақ, Сауль Альварес мен Амир Ханның жекпе жегі 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Осы кездесудің жеңімпазы қалайда Геннадий Головкинмен жекпе жекке шығуы керек. Алайда, Альварес өз титулын толық орта салмақта, яғни 160 фунтта емес, 155 фунтта қорғағысы келетінін айтқан. Бұл Головкиннің көңілінен шықпай тұр. Енді мәселе WBC ережесі арқылы шешілуі мүмкін.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05