Азиада-2017. Шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді
Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина үшінші жүлдесіне қол жеткізді.
Спортшы бүгін 5 шақырымдық классикалық жарыстан мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына үшінші күмісті сыйлады.
Айта кетейік, бұл - Коломинаның Саппородағы жеңіп алған үшінші жүлдесі. Спортшымыз осыған дейін шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында тағы да күміс медаль жеңіп алса, одан кейін, 10 шақырымдық еркін жүгірістен қола медаль иеленді.
Қазақстан 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен жиыны 8 жүлдемен жалпы есепте төртінші орында келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02