Ресейлік 6 хоккейші Олимпиада ойындарынан аластатылды
Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік 6 хоккейшіні Олимпиададан өмір-бақи аластатты. Олар 2014 жылғы Сочи ойындары кезінде допинг қабылдады деп айыпталған. Ойындардан шеттетілгендердің алтауы да әйел хоккейшілер. Осымен допинг дауына қатысты мәңгілікке Олимпиададан аластатылған ресейлік спортшылардың саны 30-дан асты. Бұдан бір апта бұрын Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей атлеттерін келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы ойындарға қатыстырмау туралы шешім қабылдаған еді. Енді көршілес елдің спортшылары шараға бейтарап атлеттер ретінде қатыспақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02