Австрияда екі пойыз соқтығысып, 54 адам жараланды
Бүгін Австрияның Зальцбург қаласында екі пойыз соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 54 адам жараланған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, маневрға арналған локомотив Цюрихтен Венаға кететін пойызға вагон қоспақ болғанда рельсте тұрған жолаушылар пойызын қаққан. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Апат темір жолдағы қатынасқа айтарлықтай әсер етпеген. Пойыздар уақтылы жүріп тұр.
Соққы кезінде ұйқыда жатқан жолаушылардың көбі жеңіл-желпі жараланды. Вагондарда 240-қа жуық адам отырған. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00