Теміржол бойында екі бірдей апат болды
Жамбыл облысы аумағындағы теміржол бойында екі бірдей апат болды. Шойын жолды кесіп өтпек болған жедел жәрдем автокөлігі Тараз қаласы маңында тепловозбен соқтығысып қалды.
Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен ішіндегі екі жолаушысы - 23 жастағы дәрігер фельдшер мен 29 жастағы келіншек түрлі дене жарақатымен аурухана түсті.
Жол апаты пойыздардың жүру кестесіне ешқандай кедергі келтірген жоқ. Ал бүгін түнде Шу станциясына жақын маңда жүк таситын екі вагон жолдан шығып кетіп, аударылып қалды.
Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Теміржол желісі бұзылмағандықтан, апат теміржол қозғалысына кедергісін тигізбеді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17