Бөлесін өлтіріп, 19 жылға сотталды
Тараз қаласы прокурорының көмекшісін өлтірген азамат 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға өткен жылдың қазан айында болған.
Прокуратура қызметкерін өз үйінде 22 жастағы бөлесі соққыға жығып, 17 жерінен пышақтаған. Жәбірленуші жантәсілім ете қоймаған соң, басынан тағы екі рет мылтықпен атып, із жасырады.
Қандықол жігітті оқиға болған күннің ертеңінде полиция қызметкерлері Алматыға қарай кетіп бара жатқан жерінде қолға түсірді. Айыпталушының тергеу кезінде және сотта берген жауаптарына қарағанда, жанжалға екі азамат арасындағы ақша алыс-беріс себеп болған. Сотты болған азамат енді жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Талғат Сырлыбаев, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Сотталған Әлібеков сот мәжілісінде өз кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар, өзі жасаған қылымысын ашу үстінде жасадым, дегенді алға тартып отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58