Шекара шебін бұзғандар ұсталды
Контрабандалық жолмен тауар тасымалдаушылар қазақ-қырғыз шекарасын бұзып өтпек болған. Үстіне тұтыну тауары артылған 14 «Камаз» жүк көлігі Сыпатай батыр атындағы шекара бекетін айналып өтіп, Меркі ауылының тұсында тұрған жерінде ұсталды. Олар кедендік рәсімдеу мен салық төлеуден жалтару үшін осындай әрекетке барған. Әзірге тауардың иесі анықталған жоқ. Сондай-ақ, қайда жеткізілуі керек болғаны да беймәлім.
Серік Рақымов, ҰҚК Шекара қызметі 20/35 әскери бөлімінің командирі:
Шекара бұзушыларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 330 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Контрабандалық жүктің тағдыры келешекте құзырлы мемлекеттік органдарға тапсырылатын болады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27