«Оңтүстік» өңіраралық әскери қолбасшылығының гарнизон бастығы сарбаздан пара алған
«Оңтүстік» өңіраралық әскери қолбасшылығының гарнизон бастығы қол астындағы сарбазын бопсалап, пара алған. Бұған Тараз қаласындағы сауналардың біріндегі бұзақылық оқиғасы себеп.
Хауыздағы бұл тәртіпсіздікке әскери қызметкер куә болған. Осыны пайдаланып, олжалы болғысы келген полк командирі оны «Осы іске қатысың бар, сондықтан, үстіңнен қылмыстық іс қозғалады», деп қорқытады.
Подполковник шеніндегі әскери басшы осы ақшаны алып жатқан жерінде қолға түсті.
Сондай-ақ, Қордай ауданы Салық басқармасы бастығының орынбасарының қолына да осындай әрекеті үшін кісен салынды. Ол жеке кәсіпкердің жұмысын тексеріп, оның қорытындысы бойынша оң шешім шығарып беру үшін одан 270 мың теңге пара алған.
Осы қылмысы үшін 3 жылға сотты болды.
Мақсат Байдалиев, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бөлім бастығы:
2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 166 қылмыс ашылды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде барлығы 66 іс қозғалды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27