Білікті офицер – кәсіби әскердің тірегі
Офицер - ұрыс даласындағы басты тұлға. Сондықтан олар мергендігімен, әскери техниканы басқара білуімен, сапта жүру, тактика мен стратегиялық әдіс амалдарды да жетік меңгеруімен даралануы тиіс. Тәрбиеші офицерлер бұл жолғы оқу-жаттығу жиынына осындай кәсіби дағдылары мен дайындықтарын іс жүзінде көрсетті. Жау бекінісіне әуеден шабуыл жасады, химиялық реактивке тойтарыс берді. Улы газдан қорғанды.
Сейілжан Бекмұратов, теңіз жаяу әскери бригадасы командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
Ертең біз өзіміздің әскери бөлімге қайтқанда, осы жерден үйренген тәжірибелерімізді өз қарамағымыздағыларға үйретеміз.
Сөз және оған сендіру. Бұл тәрбиеші офицерге жүктелетін тағы бір міндет. Бүгінгі таңда қарулы күштеріміз сапына жаңадан қосылған әскери техниканың бірі - жылжымалы ақпарттық кешен. Бұл негізінен жауынгерлік бөлімде идеологиялық жұмыстарды жүргізуге арналған. 80-ге тарта әскери жаңа техниканың қыр-сырын да үйреніп шықты.
Жұмабек Хасенов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары:
Артымыздан келе жатқан жас тәрбиеші офицерлерді көріп, шыны керек көңілім толып, жақсы болды. Өйткені өзіне, Отанына деген, халық алдындағы міндеттерін жоғары қоятын нағыз азаматтар.
Офицер өзінің іс-әрекетімен сарбаздарға үлгі. Сондықтан, олардың арасында мұндай оқу жаттығу жиыны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40
Дәуір көшіп барады...
26.12.2025, 20:38