Жамбыл облысында әскери патриоттық орталық ашылды
Жамбыл облысында әскери патриоттық орталық ашылды. Ол жастарды елжандылыққа баулып, Отан қорғау ісіне дайындайды.
Жалпы, өңірде бұған дейін 40-тан астам әскери патриоттық клуб жұмыс істеп келген. Тараз қаласындағы әскери-техникалық мектептің базасында орналасқан орталық енді олардың басын біріктіріп, жұмысын үйлестіріп отырады.
Әскери мамандар жастар арасында идеологиялық жұмыс жүргізумен қатар оларға түрлі кәсіби білім береді. Жамбыл жеріне арнайы келген Қорғаныс министрілігінің өкілдері жаңадан ашылған орталық басшысына салтанатты түрде жауынгерлік Туды табыс етті.
Мұхамеджан Таласов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бас штаб бастығының орынбасары:
Елбасының Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизмді көтеру туралы нақты тапсырма болды. Соны орындау үшін біздің тобымыз жастармен кездесіп, әскери патриоттық клубтармен кездесіп, олармен жұмыс істеп жатырмыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07
Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
03.08.2026, 13:06
50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
03.08.2026, 13:05
Жалған медициналық қызмет: Келтірілген шығын 3,5 млрд теңге
03.08.2026, 13:05
Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
03.08.2026, 13:04
Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды
03.08.2026, 13:03