Жамбыл облысының полицейлері 2 тонна есірткі сорасын тәркіледі
Жамбыл облысының полицейлері 2 тонна есірткі затын тәркіледі. Қордай ауданына қарасты Қайнар ауылы маңында 1000 келіден астам есірткі сорасын орып, дестелеп жинап жүрген жерінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.
Әзірге белгілісі, қолға түскен азамат бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ, полицейлер осы күні есірткі жинап пайда тапқысы келген тағы бір күдіктінің қолына кісен салды.
Меркі ауданы аумағындағы құмды аймақта есірткіге емін-еркін орақ салған ол алдыңғы азаматтан қалыспапты.
Дестеленген қарасораның салмағы - 940 келі. 26 жастағы жігіт Тараз қаласында тұратын болып шықты. Ол өзінің есірткіге тәуелді екендігін айтып, қарасораны тұтыну үшін жинағанын мойындаған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы
Екі оқиғаға байланысты да қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша қамау абықтысында отыр. Тергеу жүріп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07
Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
03.08.2026, 13:06
50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
03.08.2026, 13:05
Жалған медициналық қызмет: Келтірілген шығын 3,5 млрд теңге
03.08.2026, 13:05
Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
03.08.2026, 13:04
Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды
03.08.2026, 13:03