Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мал шаруашылығымен айналысып келеді
Түркістан шаһарына қарасты Теке елді мекенінде тұратын Убайдулла Ғайбуллаұлы екінші топтағы мүгедек.
Жарымжан жан жуырда мемлекет тарапынан беріліп жатқан несиемен 3 миллион теңге алды.
Сөйтіп ірі қараның санын көбейтіп, мал шаруашылығымен айналысуға бет бұрып отыр. Қазір қорасында бес бірдей сауынды сиыры мен ондаған бұқасы бар.
Ал, Шорнақ ауылының тұрғыны Алмас Молдалиевтің бір көзі көрмей қалған. Соған қарамастан ісін дөңгелетіп отыр.
Өткен жылы отбасын құрған мүмкіндігі шектеулі жан несие алып, қазір қазақы қойдың санын екі жүзге жеткізіпті.
Сөйтіп «мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» деген аталы сөздің ақиқатын тындырымды тірлігімен дәлелдеп келеді.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18