Қостанай облысының Заречный кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер пайдалануға берілді
Алғашқы 14 отбасыға баспана кілті салтанатты түрде табысталды. Олардың 10-ы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Баспаналы болған азматтардың бәрі – жер телімін алуға кезекте тұрғандар. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді беріп қана қоймай, сол жер телімінде жеке тұрғын үй салуға да көмектесті. Көлемі 100 шаршы метрге жететін баспаналар - кең, жарық, әрі жайлы. Әр шаршы метрдің ең төменгі құны - 115 мың теңге. Жыл соңына дейін Қостанай облысында тағы 60 үй пайдалануға беріледі. Келесі жылы коттедж қалашығының құрылысы жалғаспақ. Жоба бойынша бұл аумақта 70 нысан бой көтереді деп жоспарланып отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15
Жасыл энергиядан қуат алу арта түседі
04.11.2026, 17:13
Сүт өндірісін дамыту қарқын ала бастады
04.11.2026, 17:12
Ақмола облысында 6 мал бордақылау алаңы ашылады
04.11.2026, 17:10
Жастар Президент Жолдауын жан-жақты талқылады
04.11.2026, 17:09
Халық пікірі: Жолдаудағы бастамалар тұрмысымызды жақсартады
04.11.2026, 17:08
Үгіт-насихат тобы өңір халқымен кездесті
04.11.2026, 17:07