Үгіт-насихат тобы өңір халқымен кездесті
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру мен кәсіпкерлікті қолдау – ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу да назардан тыс қалмайды. Бұл туралы Талдықорғанға келген республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері тұрғындармен кездесуде айтты. Басқосуға Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері және Үкімет өкілдері қатысты. Жиында шаруаларды жеңілдетілген несиемен қамту, қант қызылшасы өндірісі мен жүгеріні терең өңдеу мәселелері талқыланды. Ал аккумулятор өндіретін зауыт ұжымымен басқосуда отандық өндірісті дамыту, салық, экспортты арттыру және жұмысшыларды баспанамен қамту жайы көтерілді
Наурыз Сайлаубай, Құрылтай депутаты:
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айтып кетті салықтық саясатты қайта жетілдіру керектігін, қайта қарау керектігін. Енді осы бойынша Құрылтайда болашақта қызу қоян-қолтық жұмыс жүргізіледі деген үміттеміз. Осы жерден алған ұсыныстар мен пікірлерді сол жерде жеткізетін боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы