Кедендік бақылау жүргізу ісі оңтайландырылды
Пилоттық жоба қырғыз жағынан «Ақжол», ал, еліміз тарапынан «Қордай» бекетінде жүзеге асырылады. Сауда -саттықпен айналысатын кәсіпкерлер шекара асқанда енді тек бір жерден ғана кедендік рәсімдеуден өтеді.
Яғни, оларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі. Бұл құжаттарды толтыруға кететін уақытты үш еседей қысқартып отыр.
Сондай-ақ, жаңа жобаның тағы бір тиімді тұсы - кедендік рәсімдеу ісінде уәкілетті экономикалық операторлардың көмегіне жүгінуге болады.
Бұл құрылым бірнеше азаматтың тауарын біріктіріп, бір жерден тексеруден өткізеді. Қазір ел аумағында осындай қызмет түрін көрсететін 57 оператор жұмыс істейді.
Пилоттық жоба үшін «Қордай» кеден бекетінің таңдалғанының өзіндік себебі бар. Еліміздің оңтүстік қақпасы - Еуразия елдеріне жүк тасымалдайтын күре жол.
Мұнда тәулігіне орта есеппен 15 мыңдай азамат әрі-бері қатынайды. Ал, жазғы демалыс маусымында бұл көрсеткіш 27 мыңға дейін жететін болады.
Аманияз Ержанов, ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Уәкілетті экономикалық операторлар алып өткенде, төлемдердің түсімі 27 миллионнан 1 миллардқа дейін барды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27