Павлодарда Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алау жанына құрметті қарауыл қойылды
Мұндай мәртебелі сенім тек қана ең үздік оқушыларға жүктеліп отыр. Олар қаладағы 6 мектептің оқушылары арасынан іріктелді.
Адамзат тарихындағы қасіретке толы қанды қырғынның аяқталғанына биыл - 74 жыл. Павлодар облысынан соғысқа 46 мыңнан астам адам алынды. Олардың 13 мыңы ұрыс даласында мерт болды. 12 мыңға жуық боздақ хабарсыз кетті. Қала жұртшылығы қан майданда от кешкен қаһармандарды еске алып, гүл шоғын қойды. Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзин және белгісіз сарбаз ескерткіші басында да мамырдың аяғына дейін құрметті қарауыл тұрады.
Қадырбек Сатыбалдұлы, қалалық Білім бөлімінің бас маманы:
- Әрбір бекеттің қарауыл басшысы көмекшісімен балаларды 20 минут сайын ауыстырып отырады.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10