Иракта жиһадшылар тағы екі қаланы басып алды
Бүгін түскен мәліметке қарағанда, «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» ұйымы Джалула және Садия шаһарларын басып алған.
Ал, жергілікті қауіпсіздік күштері жиһадшылар жақындап қалғанда, жан-жаққа қаша жөнелген.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, исламшылдар енді 60 шақырым жүрсе, ел астанасы Бағдадқа жетеді.
Осы аптада олар Мосул мен Тикритті бағындырды. Бұл шаһарларды босатуға қазір күрдтердің пешмерга деген әскери жасақтары жәрдемдесіп жатыр.
АҚШ президенті Барак Обама Американың Ирактағы қарулы топтардың бекіністеріне әуеден соққы беруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Ал, көптеген сарапшылар Ирактың бүгінде шииттік, сүнниттік және күрдтік сектор болып, үшке бөліне бастағанын айтып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06