Пентагон Иракқа 275 жауынгер жіберді
«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон Иракқа алдағы уақытта арнайы жасақтар аттандыру мәселесін де қарастырады.
Ал, Парсы шығанағына Пентагонның үш әскери кемесі мен 550 теңіз жауынгері шоғырланды.
Дегенмен, Америка Иракқа жаяу әскер кіргізуді жоспарлап отырған жоқ. Бірақ, Құрама Штаттар «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымының жиһадшыларына тойтарыс беру мәселесін Иранмен талқылауға ниетті.
Бұл туралы келіссөздер осы аптада басталуы мүмкін. Ал, куәгерлердің сөзіне қарағанда, исламшылдар Бағдадтан теріскейге қарай 60 шақырым жердегі Бакуба қаласына басып кірген.
Үкімет армиясы болса, жиһадшылардың қолына өткен Таль-Афар шаһарын қайтаруға күш салып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06